14 маусым 2019 | 10:23

"Қорқатындай жағдай болған жоқ" - Дәурен Абаев Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы митингілер жайлы

Дина Муратова Редактор

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасына берген сұхбатында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы митингілер жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасына берген сұхбатында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы митингілер жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, митингіге қатысқан халық елдің тағдырына деген өз алаңдаушылығын білдіреді.

Реклама
Реклама

"Бүгін Бас прокуратура өкілдері, Ішкі істер министрлігі бұл мәселе жайында пікір білдірді. Мен бұл мәселенің басқа жағына тоқталар едім. Біз сайлаудың халықтың саяси белсенділігін айқындайтын күш екенін түсінуіміз қажет. Халық ел президентін таңдап, сонымен қатар елдің болашағын да таңдайды. Осыған байланысты олар сайлаудың нәтижесіне бей-жай қарай алмайды. Сондықтан сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін, халық іште сақтап отырған энергиясын сыртқа шығарғысы келеді. Содан кейін ол митингіге және түрлі наразылық білдіруге алып келеді", - дейді Абаев.

"Негізі бұл бүкіл әлемге таныс тәжірибе. Ресей, Франция, Түркия, АҚШ-та да көшелерге он мыңдаған адам шыққан. Полиция қызметкерлерімен де қақтығысқан жағдайлар кездесті. Сондықтан да Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілер таңғаларлық оқиға болып көрінбеуі тиіс. Бұл қалыпты жағдай. Алып бара жатқан мәселе көріп отырғаным жоқ", - дейді министр.

Оған қоса Абаев митингіде ұсталған адамдар туралы сөз қозғады. Оның сөзінше, бұл шара сайлаудың тыныш жағдайда өтуі үшін жасалған.  

"Сайлауға бір күн қалғанда Бас прокуратура қазақстандықтарға 9 маусымда өткізілетін митингілердің заңсыз екенін мәлімдеген. Наразылық шаралар мен ақпараттар дауыс берушілерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайда адамдар сайлауға келмеуі де мүмкін еді. Яғни оның дауыс беру құқығы бұзылады. Алматыдағы оқиғаға келер болсақ, онда бір топ ер адамдар ел тыныштығын бұзды. ІІМ-нің call-орталығына қарапайым халықтан 1200 хабаралама келген. Олар жиналған ер адамдарды таратуды сұрады. Мұндай оқиғаларды ұялы телефоннан көрген бір басқа. Ал дәл осындай жағдайды үйдің терезесінен көрген адамдар басқаша ойлайды. Көп адам қорқып қалды. Мүмкін кейбір уақытта полиция қызметкерлері тым асыра сілтеп жіберген шығар, бірақ олар ел тыныштығын ойлады. Сондықтан да полиция өкілдері үлкен жұмыс істеді. Меніңше, еуропалық бақылаушы жақсы пікір білдірді. Ол Қазақстанда наразылық акцияларының мәдениеті мен оларға деген қарсылық мәдениетін де дамыту керекітігін сөз етті. Оған қоса Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі мәлімдемесі де осы бағытта жасалатын бірінші қадам деп ойлаймын", - деді Дәурен Абаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная