Көрмелер мен форумдар мәселені шешпейді - Тоқаев туризмнің дамуы туралы

Камила Долаева Журналист
Көрмелер мен форумдар мәселені шешпейді - Тоқаев туризмнің дамуы туралы ©Турар Казангапов

Көрмелер мен форумдар Қазақстандағы туризм мәселесін шешпейді деп мәлімдеді Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Көрмелер мен форумдар Қазақстандағы туризм мәселесін шешпейді деп мәлімдеді Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Туризмді экономиканың табысты секторына айналдыру үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді, мағыналы жұмыстар жүргізу керек. Бұған шетелден көптеген мысал келтіруге болады. Көрме, форум, буклеттер шешім емес", - деді сенатор Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Жарнама
Жарнама

Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында көліктік-логистикалық және басқа да қызмет салаларын дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырған.

"Табиғи және мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін кірмелік және ішкі туризмді дамытуға ерекше назар аудару қажет. Үкімет қысқа мерзім ішінде салалық мемлекеттік бағдарламалар қабылдауы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама