28 қыркүйек 2020 | 10:31

Коронавирус: 3 мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді

© Тұрар Қазанғапов

COVID-19-бен күресуге тартылған 2 955 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынанберілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, коронавирустан қайтыс болған 29 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударылды.

Реклама
Реклама

"28 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 2 955 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 29 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (638) және Алматы (373), Шымкент (140) қалалары, Қарағанды (368), Батыс Қазақстан (250), Атырау (180) және Ақмола (180) облыстары бойынша жүргізілді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram