16 қазан 2020 | 13:29

Коронавирус әлі арамызда - ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі

Фото: ©REUTERS

ДДҰ өкілі Каролин Кларинваль коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтарды дәрігерлердің ұсынымын орындауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ДДҰ өкілі Каролин Кларинваль коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтарды дәрігерлердің ұсынымын орындауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вирус әлі арамызда. Ол алдағы уақытта да бізбен бірге болады. Күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана біз пандемияны жеңе аламыз, әрі өмірімізді қорғаймыз. Пандемияға дұрыс көзқараспен қарау арқылы ғана эпидемия ошағын азайтуға болады", - дейді ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі.

Реклама
Реклама

Каролин Кларинваль ұлттық және халықаралық денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынымдарын орындау маңызды екенін атап өтті. Ол - қолды таза ұстау, 1 метр арақашықтықты сақтау, маска тағып жүру.

"Барлығымыз қиын кезеңді басымыздан өткеріп жатқанымызды түсінуіміз керек. Сондай-ақ, вирустың қалай таралатынын түсініп қана қоймай, оның қашан және қай жерде таралатынын білу маңызды", - дейді ол.

ДДҰ инфекция қаупін азайту бойынша кеңес берді:

COVID-19 адамдарға негізінен тікелей, жанама немесе ауру адамдармен тығыз байланыста болған кезде жұғады. Ауру сілекей, тыныс алу кезінде немесе сөлдің тамшысы арқылы жұғуы мүмкін. Бұл жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескен кезде COVID-19 жұқтырған адамның мұрнынан немесе ауыздан бөлінетін тамшылар болып саналады. Вирус жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болған кезде (1 метр арақашықтықта) бұл тамшылар сау адамның аузына, мұрнына немесе көзіне еніп, ол да COVID-19  жұқтыруы мүмкін.

Сондықтан кем дегенде 1 метр қашықтықты сақтау маңызды. Сондай-ақ, қолыңызды жиі жуыңыз, түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңызды матамен жабыңыз немесе шынтақпен бүгіңіз.

Сонымен қатар, ДДҰ мынадай кеңестер береді:

Адам көп жиналатын орындар мен жабық ғимараттарға бармаңыздар; Қолыңызды жумасаңыз, көзіңізді, мұрныңызды, аузыңызды ұстамаңыз; Егер сізде респираторлық симптомдар (дене температурасының көтерілуі, жөтел және тағы басқа) байқалса, үйде болыңыз; Аурудың симптомдары туралы сізді емдейтін дәрігерге айтыңыз; Қажеттілік болмаса үйден шықпаңыз; ДДҰ және жергілікті билік органдарының сайтында жарияланған ақпаратты оқып отырыңыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная