ПОДЕЛИТЬСЯ
17 сәуір 2021 | 11:16
Коронавирус: Алматы ауруханаларында жағдай қандай?
Алматыдағы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 сәуірдегі жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының 680 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 562-і симптомдық белгілері бар және 118 симптомсыз.
Бір тәулік ішінде - 416 науқас қабылданды, барлық стационардан 506 науқас шығарылды.
"Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 688 адам (102 бала) орналасқан, оның ішінде ересектер аса ауыр - 830, ауырлығы орташа дәрежеде - 2 858.
Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы - 251 (бос төсек-орын саны - 199)", - делінген хабарламада.
6 239 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 384 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 855 симптомсыз екені айтылды.
Сонымен қатар, қала бойынша 1 ақпан мен 16 сәуір аралығында барлығы 126 099 адам вакцинацияланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также