28 шілде 2020 | 12:31

Коронавирус: Алматыда тағы бірнеше госпиталь ашылады

Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық шеңберінде Алматыда бірнеше госпиталь ашылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық шеңберінде Алматыда бірнеше госпиталь ашылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бүгінде ковидпен күреске 27 медицина ұйымы тартылған. Жалпы төсек қоры 6096 орынды құрайды. Төсек-орындардың бос болмауы 90 пайыздан 50 пайызға дейін азайды. Бүгінгі мәлімет бойынша бұл көрсеткіш 42 пайызға төмендеді. Пандемияның екінші толқынына дайындық шеңберінде жағдайы ауыр науқастарға арналған бірінші эшелон стационарларындағы инфекциялық төсек орындарын 1015 орынға көбейтеміз", - деді Алматы әкімі Үкімет отырысында. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, тамыздың соңына дейін 500 орынға арналған жаңа госпиталь пайдалануға беріледі. 

"Ал қыркүйектің ортасына дейін 300 төсек-орынға арналған тез салынатын тағы бір модульдік инфекциялық госпитальды іске қосамыз. Келесі аптаның басында құрылыс алаңына шығамыз. 1 қазанға дейін екі қонақ үйдің базасында жеке инвестициялар есебінен 215 төсек-орындық толыққанды ковидтік емханалар құрылатын болады. Тамыздың соңына дейін патологоанатомиялық бюро іске қосылады", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная