20 наурыз 2020 | 12:59

Коронавирус: халықты шұғыл тестілеу мерзімі аталды

Алдағы екі аптада қазақстандықтарды шұғыл тестілеуден өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алдағы екі аптада қазақстандықтарды шұғыл тестілеуден өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова айтты.

Реклама
Реклама

"Таяуда екі апта ішінде коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау мақсатында халықты шұғыл тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жауапты органдар мен ведомстволар коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мәселесін бақылауға алды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандар ПТР-диагностикасы (полимеразды тізбек реакциясы) арқылы тексеріліп жатыр. Олар - вирус жұқтырғандардың отбасы мүшелері, жұмыстағы әріптестері, ұшақта болған адамдар. Шұғыл тестілеу тек ұлттық сараптама орталығында жүргізіледі", - деді Кисикова.

Соңғы ресми деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. "20 наурыз 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтыру туралы. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде елде барлығы 49 адам, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді", -делінгенеді  хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная