ПОДЕЛИТЬСЯ
18 желтоқсан 2020 | 09:45
Коронавирус және пневмония жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды
Қазақстанда коронавирус және пневмония жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдеріне сілтеме жасап.

18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 349 адам короновирус инфекциясынан (13 515 КВИ+ және 11 834 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 4 389 пациент стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 242 адамның жағдайы ауыр;
• 35 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша 24 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 111 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 44 338, өлім жағдайлары - 468, барлығы 32 036 адам сауығып шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также