ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2022 | 09:17
Коронавирус және пневмония: тағы 20 адам қайтыс болды
Кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 20 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 20 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
17 науқас коронавирустан, үшеуі пневмониядан қайтыс болғаны белгілі.
12 ақпандағы мәлімет бойынша, 62 801 адам коронавирус инфекциясынан 61 600 КВИ+ және 1 201 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 7 653 пациент стационарда,
- 55 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 364 адамның жағдайы ауыр,
- 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 102 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2022 жылдың 12 ақпанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 9 289 074 адам вакциналанса, II компонентпен 8 865 941 адам.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также