22 қыркүйек 2021 08:54

Коронавирус және пневмония: тағы 59 адам қайтыс болды

Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

20 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 59 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 59 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

Қайтыс болған 50 адамда COVID-19-ға тапсырған ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен, ал 9 адамда - теріс.

Сондай-ақ, 20 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 317 жағдайы тіркелді.

Реклама
Реклама

22 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 67 404 адам коронавирус инфекциясынан (58 738 КВИ+ және 8 666 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 12 105 пациент стационарда,
  • 55 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1000 адамның жағдайы ауыр,
  •  248 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  143 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram