ПОДЕЛИТЬСЯ
06 шілде 2021 | 09:22
Коронавирус жұқтырған 144 қазақстандықтың жағдайы аса ауыр
4 шілдеде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды. 144 науқастың жағдайы аса ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

6 шілдедегі мәлімет бойынша, 33 029 адам коронавирус инфекциясынан (31 703 КВИ+ және 1 326 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 10 041 пациент стационарда,
- 22 988 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 633 адамның жағдайы ауыр,
- 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 76 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Сонымен қатар, 6 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 3 843 678 адам вакцина салдырды, II компонентпен 2 214 907 адам.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также