ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2020 | 14:18
Коронавирус жұқтырған 319 адам қосалқы аурулардан қайтыс болды - бас санитар
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған 319 адам қосалқы аурулардан қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған 319 адам қосалқы аурулардан қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қайтыс болған жағдайларды қарайтын комиссияның шешіміне сәйкес, коронавирустан емес, қосалқы аурулардан 319 көз жұмды", - деді Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бұдан бөлек, оның айтуынша, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда пневмониядан 1 772 адам қайтыс болған.
Сондай-ақ бас санитар Қазақстанда 23 шілдедегі жағдай бойынша 76 794 адам коронавирус жұқтырғанын атап өтті. Оның ішінде 48 202 адам немесе 53 пайызы аурудан айықты.
"Тәулік сайынғы ауырып қалғандардың көрсеткіші 1600-1700 деңгейінде қалып отыр. 5 шілдеден бастап елімізде шектеу шаралары енгізілгеннен кейін екі аптада 21 532 жағдай тіркелді", - деп қосты ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также