ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2020 | 16:39
Коронавирус жұқтырған бір науқастың жағдайы өте ауыр - Біртанов
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған бір науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған бір науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, пациенттердің 29-ы жазылып шықты, үшеуі қайтыс болды.
"Қазіргі таңда ем қабылдап жатқан науқастардың ішінде 11 адамның жағдайы ауыр, ал біреуінікі өте ауыр деп бағаланды. 68 науқастікі орташа, 341 науқаста симптомдар байқалмайды", - деді Біртанов Нұр-Сұлтандағы брифингте.
Вирус жұқтырғандармен байланыста болған барлығы 13 467 адам анықталды.
Еске салайық, Қазақстанда инфекция анықталған жалпы 453 науқас тіркелген.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында - 22 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында -6 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 16 адам.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также