Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйелмен бірге ұшақта 90 адам келген

Фото: elements.envato.com

Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйелмен бірге Миланнан 90 адам ұшақта бірге келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйелмен бірге Миланнан 90 адам ұшақта бірге келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

"Миланнан әйел Нұр-Сұлтанға 12 наурызда келген. Ол борттан бірден карантин нысанына жатқызылды. Оның қан сынамасынан коронавирус анықталды. Қазіргі уақытта байланысқа түскен адамдарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр", - деді министр.

"Бортта бірге келген 90 адамның тізімі бізде бар. Олардың да, бұл науқас әйелдің де жағдайымен жұмыс жүріп жатыр. Жақындары мен байланысқа түскен адамдары анықталуы керек. Олар карантинге жатқызылды, зерттеу жүргізіледі", - деп хабарлады Біртанов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырудың үшінші жағдайы тіркелгенін хабарлаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама