13 наурыз 2020 | 16:20

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қалай емделеді?

© REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың қалай емделетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың қалай емделетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бастапқыда-ақ мұның жаңа коронавирус екенін айтқан болатынбыз. Біз мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан аламыз, инфекция тіркелген елдердің денсаулық сақтау министрліктерінен аламыз", - деді Біртанов.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, науқастардың көбінде вирустың белгілері байқалмайды. 

"Көп елдердің хаттамаларында, яғни коронавирус жұқтырған елдерде науқастар карантинге жатқызылады. Яғни, аса белгілер болсама ауруханаға жатудың қажеті жоқ. Бұл арнайы ем қажет еместігін білдіреді", - деді министр.

Біртановтың айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар ауруханаға жатқызылды.

"Вирустың орта және ауыр деңгейлері болады, көбіне созылмалы ауруларға байланысты болады. Сондықтан да біз қазақстандықтарға қатты уайымдамауға кеңес береміз... Вирустың ауыр деңгейі болса вирусқа қарсы препараттар қолданамыз, олар бізде бар. Ал пневмония ретінде асқынса антибактериал препараттар қолданамыз. Жансақтау бөлімі де жеткілікті", - деді министр.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгені хабарланған болатын.

Министрлік коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

Біз үш ай коронавируспен күрес жүргіздік. Барлық қажетті іс-шаралар аурудың еніп кетуіне жол бермеу үшін қолға алынды. Бүгін біз екі азаматтың сынамасынан вирус расталғаны туралы мәлімет алдық. Олар Германиядан келді, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға орналастырылды. Бұл адамдардың клиникалық белгілері жоқ, жағдайы жақсы. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деген еді Біртанов.

Сондай-ақ, жұқтырған екі адамның қай қалаларда екені белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная