17 тамыз 2020 16:30

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қандай аурулардан қайтыс болған?

©РИА Новости

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясын жұқтырған қазақстандықтар қандай ілеспе аурулардан қайтыс болып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бұл ақпарат әлі жаңарған жоқ. 20 шілдеде коронавирустан емес, басқа аурулардан көз жұмған 319 тұрғын болды, бірақ олардың ағзасында инфекция болған. Жүрек-қан тамырлары ауруынан науқастардың 68 пайызы, онкологиядан 4,7 пайызы, жүйке жүйесіне байланысты аурулардан 3 пайызы қайтыс болды. 319 адамның бір пайызы ауыр жарақаттардан көз жұмды", - деді Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда коронавирустан 1415 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 218 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram