13 наурыз 2020 | 15:15

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қай қалада?

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус анықталған адамдар ұшақпен Германиядан келген. Олар Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді. Ауру белгілері әзірге жоқ, өздерін жақсы сезінеді", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі.

Реклама
Реклама

Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

"Біз жеке ақпаратты жариялай алмаймыз. Коронавирус жұқтырған әйел адам мен ер адам. Алғашқы науқас 9 наурызда Германиядан, екіншісі 12 наурызда кешке келген. 9 наурызда келген 73 жолаушы анықталды, бізде тізім бар. олардың қайда екенінен хабардармыз. Оларды оқшаулап, карантинге жатқызатын мекеме іздестіріп жатырмыз. Олар науқас емес, тек 14 күнге карантинге жатқызылады", - деді Елжан Біртанов.

Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге қашан келгені анықталды

Қазақстандықтар 1406 колл-орталығына хабарласып ақпарат ала алады.

Министрдің сөзінше, бүгінде науқастармен байланысқа түскен адамдарды іздеу жүргізіліп жатыр. Біртанов кереуеттер жеткілікті түрде дайындалғанын, дәрі-дәрмектер, дезинфекциялық құралдар бар екенін, медициналық қызметкерлер дайындықтан өткенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная