ПОДЕЛИТЬСЯ
02 маусым 2020 | 10:53
Коронавирус жұқтырған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды
Қамалжан Надыров Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қамалжан Надыров Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Талғатұлы Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Қазіргі тағайындауға дейін ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған болатын.
Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, The Fuqua School of Business Duke University-де (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур) оқу орындарында білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б.О. Жарбосынов атындағы "Урология ғылыми орталығы" бас директорының орынбасары болып бастады.
2014 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары "Республикалық диагностикалық орталық" (University Medical Center) директоры қызметін атқарды.
2017-2019 жылдары Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.
2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Еске салайық, 22 сәуірде Надыровтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылған болатын.
"Вирус біз ойлағаннан да қатыгез". COVID-19 жұқтырған Надыров үндеу жасады
"Өздеріңіз білетіндей, мен қазір елордадағы стационарлардың бірінде ем алып жатырмын. Бұл жаңалық осындай шу туғызады еп ойламаппын да. Қолдау көрсетіп, көп хабарлама жазғандарыңызды көрдім. Бұл, әрине, маған күш береді, сіздерге рақмет! Қуанышқа орай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлерімз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Оларға рақмет, бас иемін, олар нағыз батырлар!", - деген еді бұрынғы вице- министр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также