ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2020 | 16:22
Коронавирус жұқтырған вице-министрдің жағдайы айтылды
Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау барқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, Қамалжан Талғатұлының денсаулығына қараймыз, дәрігерлер емдеп жатыр. Коронавирус инфекциясының диагностикасы және емдеуіне байланысты бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Жағдайы - қанағаттанарлық, сауығып кетуін тілейміз. Барлық науқасты қалай емдесек, оны да солай емдеп жатырмыз", - деді Қисықова ДСМ медиаорталығындағы онлайн-брифингте.
Еске салайық, 22 сәуірде Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалып, қызметіне кірісу керек болатын. Алайда сырқатына байланысты жұмысқа шыға алмады және Алматы қаласының қоғамдың денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Тілеухан Әбілдаев бұл қызметті атқарып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также