11 қыркүйек 2020 | 15:58

Коронавирус жұқтырғандар енді симптомды және симптомсыз деп бөлінбейді

Фото Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар енді симптомды және симптомсыз тасымалдаушылар деп бөлінбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар енді симптомды және симптомсыз тасымалдаушылар деп бөлінбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тамыздың және қыркүйектің бір бөлігінде біз коронавирус инфекциясының ПТР тесті арқылы симптомсыз және симптомы бар науқастары туралы статистикалық мәліметтерді біріктіргенбіз. Алайда біз бұл бөлімнің аз ғана сарапшыларға және болжамды медициналық есептеулерге қажет екеніне көз жеткіздік. Сондықтан кең аудитория үшін ақпарат көбіне қателіктер жіберуге және осы сандарды өзгертуге мүмкіндік береді, сол себепті біз оларды күнделікті жарияланған ақпаратта бөлуді тоқтаттық", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов ОКҚ-да өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Ол бұқаралық ақпарат құралдарына осындай ақпарат қажет болса, оны кез келген уақытта жазбаша өтініш бойынша бере алатынын ескертті.

Еске салайық, коронавирус жұқтырғандар ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсеткендер және COVID-19 белгілері бар пневмония анықталған науқастарға бөлінеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная