ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2022 | 15:52
Коронавирус жұқтырғандар саны бір аптада екі есе көбейді - ДСМ
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусты кімдер жиі жұқтыратынын және инфекция стационарына кімдер жатқызылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусты кімдер жиі жұқтыратынын және инфекция стационарына кімдер жатқызылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда 20 маусымнан бастап коронавирус жұқтырғандар саны көбейгені байқалды, кейінгі аптамен салыстырғанда, аурушаңдық шамамен екі есеге жуық өскен.
"Тәулігіне 2700-ге дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ - (ПТР нәтижесі теріс, коронавирус белгілері байқалатын пневмония - еск.) тіркеледі. Кейінгі аптада ауырғандардың 70 пайызы 3 өңірде - Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды облыстарында тіркелді", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Аурушаңдықтың артуына қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен, деді ол.
27 шілдедегі жағдай бойынша, республикада 4500 төсек-орын бар, 180 инфекциялық аурухана стационарлық көмек көрсетеді. 1342 науқас ауруханаға жатқызылды. Қазір төсек-орын жүктемесі - 30 пайыз.
"Стационарлық емдеудегі пациенттердің ішінде 18 жасқа дейінгі балалар - 36,3 пайыз. Ересек пациенттер - 63,7 пайыз, оның ішінде 60 және одан жоғары жастағы науқастар - 22 пайыз. Олардың 51,9 пайызында қосымша аурулар бар, соның ішінде қан айналымы жүйесі, тыныс алу мүшелері, қант диабеті және семіздік бар. Науқастар арасында әйелдер басым. Сонымен қатар, жүкті әйелдер бар, олардың саны - 249", - дейді денсаулық сақтау вице-министрі Дудник Вячеслав.
"Аурушаңдықдың көбеюіне қарамастан, реанимация төсек-орындары 8 пайызға толы. Жансақтау бөлімдерінде 44 адам жатыр, оның ішінде ең көп реанимацияға түскендер Нұр-Сұлтан қаласында - 24 науқас, Қызылорда облысында - 7 науқас. Жасанды тыныс алу аппаратында 7 науқас жатыр. 5 науқастың жасы 70 жастан асқан, бір жасқа дейінгі балалар - 1. Науқастың бәрінде қатар жүретін аурулар бар, олар кардиолог пен жалпы тәжірибелік дәрігерде есепте тұр", - деп қосты Есмағамбетова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также