10 қаңтар 2021 | 10:13

Коронавирус жұқтырғандар сайлауда қалай дауыс береді?

Коронавируспен ауырып жатқандар Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда қалай дауыс беретіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавируспен ауырып жатқандар Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда қалай дауыс беретіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы қаулы бойынша:

Реклама
Реклама

Үйде емделуіне немесе коронавирусқа қатысты карантинде болуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміндегі сайлаушыларға дауыс беру пәтерге кірмей ұйымдастырылуы тиіс.

Мұндай дауыс беруді байланыссыз тәсілмен, мысалы, саты алаңында (үй маңындағы аумақта) қатысушы дауыс беруге арналған бюллетеньді және үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтінішті тасымалданатын жәшікке салу арқылы өткізуге болады.

Алайда дауыс беруге арналған бюллетеньді алғанға дейін дауыс беруге қатысушы маска тағып, қолын антисептикпен дезинфекциялауы тиіс.

Қазақстанда сайлау басталды. Онлайн-трансляция

Учаскелік комиссия мүшелері міндетті түрде қолдарын, тасымалданатын жәшікті дезинфекциялауы керек.

Жеке қорғаныш құралдарын екінші рет пайдалануға болмайды, көрсетілген жеке қорғаныш құралдары тығыз жабылатын контейнерге немесе одан әрі кәдеге жарату үшін бакқа салынуы тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная