ПОДЕЛИТЬСЯ
12 тамыз 2020 | 11:53
Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегін берілетін болды
Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегін беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегін беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, COVID-19 вирусынан амбулаторлық жағдайда емделушілерге дәрі-дәрмек тегін беріледі
"Денсаулық сақтау министрлігі індетті анықтаудың және емдеудің хаттамасына тегін таратылатын дәрінің 5 түрін енгізді. Олар: Парацетамол, Ибупрофен, антикоагулянттар, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран. Өзін жайсыз сезінген немесе дене қызуы көтерілген адамдар дереу емханаға барып қаралуы тиіс. Егер мамандар коронавирусқа ұқсастығы бар белгілерге көз жеткізген жағдайда нұсқаулық береді. Тұтынуға қажетті препараттардың электрон тізімін жазады.
Сәйкесінше, дәріханаға барып жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіп қажетті дәріні тегін аласыз. Егер қажет дәрі болмаған жағдайда "СК-Фармацияның" 1439 (қоңырау шалу тегін) байланыс орталығына хабарласыңыз! Операторлар мәселені анықтап, қажет дәрі қолыңызға тигенше жәрдем жасалады", - делінген хабарламада.
"Әрбір өңір өзінің қажеттілігіне қарай тапсырыс берді. Осы аптадан бастап ел тұрғындары емханалардан тегін дәріні ала алады. Дәрігерлердің препараттарды тағайындап жазып беруіне барлық мүмкіндік жасалған»,-деп мәлімдеді "СК-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.
Айта кетерлігі, Апиксабан және Дабигатран дәрілерінің қазақстанда баламасы жоқ. Бұған дейін бұл дәрілер стационарлық көмек үшін қолданылған және "СК-Фармацияның" қорында жеткілікті деңгейде сақтаулы тұр. (....),- деді "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.
Сонымен қатар, Ерхат Есқалиев қазіргі уақытта Парацетамол дәрісін сатып алудың үдерісі жүріп жатқанын жеткізді. Сатып алулар аяқталғанша оның орнын Ибупрофен препараты алмастыра алады дейді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также