ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2021 | 17:22
Коронавирус жұқтыру дерегі көбейген өңірлер аталды
Коронавирус жұқтыру дерегі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Алматы облыстарында көбейген. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан жоғары қауіпті аймақта екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Алматы облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі көбейді. Жалпы көрсеткіштің 63 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында тіркелген. Алматыда инфекция жұқтыру дерегі ақпанда тәулігіне 100-ден сәуірде 600-ге дейін, Нұр-Сұлтанда ақпанда 100-ден сәуірде 500-ге дейін, Алматы облысында сәуірде 70-тен 270-ке дейін өсті", - деді Цой ОКҚ онлайн-брифингінде.
Ол Қазақстан жоғары тәуекел аймағында, яғни "қызыл" аймақта орналасқанын айтты. "Қызыл" аймақта барлығы сегіз өңір бар: Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстары.
"7 сәуірге 29 189 төсек-орын, 276 стационар жұмылды. Инфекция стационарларының қамтылуы 36 пайыз, реанимация орындары 29 пайыз. Ең көп жүктеме БҚО, Алматы облысы мен Алматыда", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также