31 қаңтар 2020 | 19:37

Коронавирус: Қазақстан шекаралар мен әуежайлардағы бақылауды күшейтті

Фото: Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуына қатысты төтенше жағдайдың жаңа деңгейін жариялауына байланысты Қазақстан ел шекаралары мен әуежайларында бақылауды күшейтті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуына қатысты төтенше жағдайдың жаңа деңгейін жариялауына байланысты Қазақстан ел шекаралары мен әуежайларында бақылауды күшейтті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ДДСҰ-ның қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың жаңа деңгейінің жариялануына байланысты қосымша шаралар енгізілді. Бірінші кезекте, бүгінгі таңда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекараның барлық өткізу пунктінде Қытаймен ғана емес, басқа да мемлекеттермен күшейтілген санитарлық өткізу бақылауын қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен халықаралық рейстер жүзеге асырылатын барлық әуежай, сондай-ақ еліміздің халықаралық автомобиль және теңіз шекаралары", - деді Біртанов ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

31 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген 41 адам ауруханада жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная