16 қазан 2020 | 18:03

Коронавирус: Қостанай облысында мектеп карантинге жабылды

Фото: hightech.fm

Рудный қаласындағы №4 мектеп-лицейі карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рудный қаласындағы №4 мектеп-лицейі карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.

Мектепте жұмыс істейтін медицина қызметкерінен коронавирус анықталған. Осыған байланысты білім беру мекемесіндегі барлық оқушы мен қызметкер 16 қазан мен 23 қазан аралығында үй карантиніне жіберілді. Бұл ақпаратты облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті растады.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда балалар мен қызметкерлер арасында ауру дерегі тіркелген жоқ. Ауру қаупін болдырмау мақсатында мектеп оқушылары мен қызметкерлері үй карантиніне жіберілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная