02 мамыр 2021 | 10:26

Коронавирус пен пневмониядан 24 қазақстандық қайтыс болды

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Кейінгі тәулікте 24 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі тәулікте 24 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 мамырдағы мәлімет бойынша, 43 707 адам коронавирус инфекциясынан (43 198 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 065 пациент стационарда, 28 642 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 799 адамның жағдайы ауыр;
• 177 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Реклама
Реклама

Коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат

2021 жылдың 30 сәуірінде коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 129 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 105 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53071, 807 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 51755 жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная