Коронавирус пен пневмониядан тағы 10 адам қайтыс болды

Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 511 адам короновирус инфекциясынан (10 312 КВИ+ және 12 199 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 4 846 пациент стационарда, 17 665 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Өткен тәулікте 8 адам көз жұмды. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 262 адамның жағдайы ауыр;
• 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Реклама
Реклама

Ал COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша, 2020 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша 99 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 68 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бері науқастар саны - 45 939, өлім жағдайлары - 505, барлығы 33 235 адам сауығып шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама