ПОДЕЛИТЬСЯ
20 ақпан 2021 | 09:23
Коронавирус пен пневмониядан тағы 10 қазақстандық қайтыс болды
Коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға қатысты жаңа ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдеріне сілтеме жасап.

20 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 340 адам короновирус инфекциясынан (13 352 КВИ+ және 7 988 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 4 760 пациент стационарда, 16 580 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. ДСМ ақпараты бойынша, өткен тәулікте коронавирустан 7 адам қайтыс болды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 249 адамның жағдайы ауыр;
• 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша, 2021 жылғы 18 ақпандағы мәлімет бойынша 45 жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 235 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 48 932, өлім жағдайлары - 608, барлығы 40 336 адам сауығып шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также