ПОДЕЛИТЬСЯ
12 тамыз 2021 | 09:04
Коронавирус пен пневмониядан тағы 129 адам қайтыс болды
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 129 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 129 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
10 тамыздағы жағдай бойынша, кейінгі тәулікте коронавирустан 105, пневмониядан 24 адам көз жұмған.
Ал 12 тамыздағы мәлімет бойынша 113 155 адам коронавирус инфекциясынан (108 954 КВИ+ және 4 201 КВИ-) емделіп жатыр:
- 30 769 пациент стационарда,
- 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 849 адамның жағдайы ауыр,
- 479 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 215 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Кейінгі тәулікте Қазақстанда 7 747 адамнан коронавирус анықталған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также