ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2021 | 09:04
Коронавирус пен пневмониядан тағы 34 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 34 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 34 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
28 науқаста коронавирус сынағы оң нәтиже көрсеткен, алтауында теріс.
Сонымен қатар, пневмонияның 136 жағдайы тіркелді және 202 адам сауығып шықты.
23 қазандағы мәлімет бойынша, 50 869 адам коронавирус инфекциясынан (44 687 КВИ+ және 6 182 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 8 750 пациент стационарда,
- 42 119 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 631 адамның жағдайы ауыр,
- 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 107 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Айта кетейік, 2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 145 620 адам, 2-компонентін 7 300 564 адам салдырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также