24 қыркүйек 2021 08:55

Коронавирус пен пневмониядан тағы 47 адам қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

22 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 47 адам қайтыс болды және 241 адам аса ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 47 адам қайтыс болды және 241 адам аса ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПТР-анализі расталған (КВИ+) 40 адам коронавирустан, ал ПТР-сынамасы теріс (КВИ-) 7 науқас пневмониядан қайтыс болды.

"21.09.2021 жылы пневмонияның 247 жағдайы және 9 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 162 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 74674, 4769 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 61163 жетті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 24 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 65 098 адам коронавирус инфекциясынан (56 297 КВИ+ және 8 801 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 11 576 пациент стационарда,
  • 53 522 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 905 адамның жағдайы ауыр,
  • 241 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 106 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram