Коронавирус Шымкентке жетті

Коронавирус Шымкентке жетті

Шымкент қаласында бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 21:40 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Шымкент қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында -1 адам", - делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде 69 адамнан қауіпті індет анықталды.

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама