18 наурыз 2020 | 10:22

Коронавирус: танымал дәрігер күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал украиналық дәрігер Евгений Комаровский коронавирус туралы 25 сұраққа жауап берді. Бұл туралы ол YouTube және Instagram желісіндегі жеке парақшасында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал украиналық дәрігер Евгений Комаровский коронавирус туралы 25 сұраққа жауап берді. Бұл туралы ол YouTube және Instagram желісіндегі жеке парақшасында айтты.

Дәрігер ұялы телефон металл мен пластиктен тұратынын атап өтіп, оны жиі залалсыздандырып тұруға кеңес берді. Себебі, онда коронавирус инфекциясы болуы мүмкін. Евгений Комаровскийдің пікірінше, бұған аса мән берген жөн.

Реклама
Реклама

"Мүмкіндік болса, бір қолыңызбен телефон ұстап, екіншісімен есіктерді ашыңыз (мысалы, қоғамдық орындардағы есікті ашқан кезде). Гарнитураны пайдалануға мүмкіндік болса, пайдаланыңыз", - дейді ол.

 

Сонымен қатар, дәрігер қандай жағдайда адам коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты.

"Біз екі қолымызбен есіктің тұтқасын ұстадық. Салдарынан қолымызға індет жұқтырамыз. Кейін қолымызға телефонды алып, оны қалтамызға саламыз. Ғимаратқа кіріп, қолымызды жуамыз. Қайтадан оны қолымызға аламыз. Ол аз болғандай, біз қолымызбен басқа мүшелерімізді ұстаймыз", - дейді Евгений Комаровский.

Сонымен қатар, дәрігер Apple және Samsung компаниялары аппараттарды залалсыздандыру туралы ұсыныстарын өзгерткенін жеткізді.

"Егер бұрын олар залалсыздандыратын майлықтарды қолдануға кеңес бермесе, қазір оны пайдалану қажетін айтады. Егер телефонды сабынды сумен жууға болса, жуып құрғатыңыз", - дейді ол.

Сондай-ақ Евгений Комаровский "коронавирус жыныстық қатынас арқылы жұғуы мүмкін бе? "синяя лампа", "звездочка" бальзамы және оксолин майын пайдалану, ыстық суды ішу дерттің алдын алуға көмектесе ме? Карантин уақытында балаларға далада қыдыруға бола ма? Ауру жеміс-жидектер арқылы тарауы мүмкін бе?" деген сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, 18 наурыздағы жағдай бойынша, COVID-19 154 елден анықталған, ауру жұқтырғандардың саны - 197 139, 7916 адам қайтыс болды, 81 738 адам сауығып шықты. Ал Қазақстанда 35 адамнан вирус табылған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная