24 желтоқсан 2020 | 09:14

Коронавирусқа қарсы алғаш вакцина салдырған министр жағдайын айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ол екпені 2020 жылдың тамызында салдырған. Жарты жылдан кейін Аймағамбетов денсаулық жағдайын және қазақстандық QazCovid-in вакцинасының әсерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ол екпені 2020 жылдың тамызында салдырған. Жарты жылдан кейін Аймағамбетов денсаулық жағдайын және қазақстандық QazCovid-in вакцинасының әсерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, оның жағдайы жақсы. 

Реклама
Реклама

"Вакцинациядан кейін ешқандай асқыну, дене қызуының көтерілуі болған жоқ. Бірінші айда организмді тексеріп, анализдер өткізіп жүретінмін, бірақ кейіннен ешқандай өзгеріс болмағандықтан тексерілуді қойдым", - дейді министр. 

Аймағамбетов күзде Денсаулық сақтау министрлігінің Алматыдағы клиникалық базасына барып, онда аурухана мен жекеменшік орталық қызметкерлері антиденені анықтайтын анализ тапсырған. 

"Бірнеше күннен кейін зертхана менде коронавирус инфекциясына қарсы гуморалдық және жасушалық иммунитеттің барын анықтады. Бүгінде мендегі антидене жеткілікті. COVID-19 жұқтырмаймын деп үміттенемін. Тірі штамды жұқтырғанша, вакцина салдырып, иммунитет қалыптастырған дұрыс", - дейді Асхат Аймағамбетов.  

Министрдің сөзінше, отандық ғалымдар дайындаған коронавирусқа қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасы бүгінде клиникалық зерттеудің ІІІ деңгейінен өтіп жатыр.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен біздің ғалымдар аз уақыт ішінде вакцина әзірлеп, ауқымды жұмыс атқарып үлгерді. Оны дайындау технологиясы ұзақ уақыттағы әсері тексерілген және оның барлық компоненті сенімді, себебі олар ұзақ уақыт бойы қолданылған басқа вакциналарды жасау кезінде сыналған. Мұндағы жаңа компонент - тек белсенді емес вирус.

Вакцина салдыру туралы шешімді тез қабылдадым, себебі біздің ғалымдардың жұмысын күн сайын бақылап отырдым. Тағы бір фактор - жұмыс кезінде вирус жұқтырып алу қаупі", - деді министр. 

Білім министрі иммунитет қалыптасқанына қарамастан санитарлық ережені сақтап жүргенін атап өтті.  

Еске салайық, 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны үміткер-вакциналар тізіміне қосқан болатын, ал 29 тамызда клиникалық сынақ өткізуге рұқсат берді. Клиникалық зерттеулерге 18-50 жас аралығындағы еріктілер қатысты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная