ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қаңтар 2021 | 11:49
Коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасын салдырған қазақстандық жағдайын айтты
Қазақстандық онколог-хирург Дәурен Әділбай алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасын салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық онколог-хирург Дәурен Әділбай алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасын салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәурен Әділбай - Алматыдағы белгілі онколог-хирург, қазір Memorial Sloan Kettering Cancer Center-де ғылыми зерттеулермен айналысады. Америкалық және еуропалық онкологтар қауымдастығының мүшесі. IFHNOS және APTS басқарушы кеңесінің мүшесі. Екі жылдан бері Нью-Йоркте тұрады және жұмыс істейді.
"Мен өзіме "Модерна" вакцинасының алғашқы дозасын салдырдым. Екі аптадан кейін менде коронавирусқа қарсы 80 пайыз, ал екінші дозадан кейін 95 пайыз қорғаныс болады. Мүмкіндік пайда болғаннан кейін міндетті түрде вакцина салдырыңыз, тек вакцина бізге осы дағдарысты жеңуге көмектеседі", - деп жазды Әділбай Facebook желісіндегі парақшасында.
Дәрігер қазір жағдайы жақсы екенін айтты. Вакцина иығына салынған екен.
"Вакцинацияға бірнеше күн бұрын жазылған болатынмын. Біздің Memorial Sloan Kettering Cancer Center ауруханасы барлық қызметкерін вакцинациялау үшін жеткілікті вакциналар сатып алды. Мен вакцинаны біздің ұйымның алғашқылардың бірі болып салдырған шығармын", - деді Дәурен Әділбай.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также