ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2021 | 15:12
Коронавирусқа қарсы тағы бір қазақстандық вакцина туралы не белгілі?
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген коронавирусқа қарсы суббірлік вакцина клиникалық зерттеу фазасына жетті. Бұл туралы ҚРбілім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Институт вакцинаның басқа түрлерін де дайындап жатыр. Соның бірі - суббірлік вакцина, ол клиникалық зерттеу сатысына жетті. Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат бергеннен кейін жұмыс басталады. Біз бірнеше платформада жұмыс істейміз. Қазақстандық инактив вакцинаның үшінші фазасы 50 пайыз аяқталды", - деді Дәуленов ОКҚ брифингінде.
Сонымен қатар, Дәуленов коронавирусқа қарсы жануарларға арналған вакцина да әзірленетінін айтты, себебі жануарлар да коронавирус жұқтырып, оны тасымалдаушы болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также