Коронавирусқа қатысты комиссияны басқа адам басқарады - Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысына жаңадан тағайындалған облысы әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қызметіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысына жаңадан тағайындалған облысы әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қызметіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен мен Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғаларға байланысты құрылған комиссияны басқарамын. Ары қарайда осы бағытта жұмыс істейтін боламын", - деді облыс әкімі үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беру кезінде. 

Оның айтуынша, коронавирустың таралмауын қадағалайтын үкіметтік комиссияны басқа бір үкімет мүшесі басқарады екен. 

Реклама
Реклама

"Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдады (әкім етіп тағайындады - түсіндірме), мен оның тапсырмасын орындауым қажет. Бұрын министр едім, енді әкім болдым. Мемлекет басшысының тапсырмасын тезірек орындау - басты мақсат", - деді Бердібек Сапарбаев.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама