ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2020 | 10:19
Коронавируспен күресуге келген ресейлік дәрігерлер еліне оралды
Қазақстанға 6 шілдеде келген ресейлік мамандар еліне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанға 6 шілдеде келген ресейлік мамандар еліне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейден келген мамандардың арасында эпидемиолог, вирусолог және басқа да сала бойынша дәрігерлер болды. РФ ДСМ және Тұтынушылардың құқығын қорғау саласынан келген мамандар коронавирус инфекциясының таралуымен күресте аймақтық және республикалық медицина ұйымдарына тәжірибе жүзінде және кеңес түрінде көмек көрсетті.
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің хабарлауына қарағанда, 3 тамызда медицина қызметкерлері Ресей ТЖМ арнайы бортымен елдеріне қайтты. Қазақстанға пандемияның өршіп тұрған кезінде көмек көрсеткені және республикада эпидемиологиялық жағдайды тұрақты етуге үлес қосқаны үшін қабылдаған тарап ресейлік мамандарға алғыс білдірді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также