27 наурыз 2020 | 11:48

Коронавирустан қайтыс болған әйелдің Алматы мен Шуда қашан болғаны анықталды

Коронавирустан қайтыс болған Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны Алматы мен Шу қалаларында нақты қай күндері болғаны белгілі болды. Бұл турады онлайн-брифинг барысында Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басқарма басшысы оның туған-туыстарына көңіл айтты.

Реклама
Реклама

"Туысқандарының айтуы бойынша, әйел коронавируспен ауыратын адаммен байланыспаған, шетелге шықпаған. 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған", - деді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.

Telegram-дағы Yedilov Online арнасында арнайы қорғаныш киімін киген көз жұман адамның туыстарының әңгімесі түсірілген видео жарияланды. Олар әйел қайтыс болғанға дейін дәрігерлер коронавирусты анықтай алмағанын айтады. Індеттің бар екені мәйітханадан денесін алып шыққаннан кейін ғана жарияланған.

Еске салайық, 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында тұратын әйелдің коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл - коронавирустың жаңа түрінен Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім. Кейін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев әйелдің Алматы мен Шуға барғанын хабарлаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram