ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2020 | 12:40
Коронавирустан қайтыс болған екінші қазақстандық туралы не белгілі?
Бүгін коронавирустан қайтыс болған ер адамның Нұр-Сұлтан тұрғыны екені анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қайтыс болған адам бір ай ауырса да медициналық көмекке жүгінбеген.
50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасы оны ауруханаға жеткізген. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған.
Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам байланыста болған, олар үй карантиніне жатқызылды. Сонымен қатар, отбасының екі жақын мүшесінде коронавирустық инфекция тіркелгені анықталды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также