04 сәуір 2020 | 10:57

Коронавирустан қайтыс болған төртінші адам Алматыдан келгенін жасырған

Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы аймақтағы коронавирус жұқтырған науқастар мен қайтыс болған адам туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы аймақтағы коронавирус жұқтырған науқастар мен қайтыс болған адам туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркістан облысында коронавирус инфекциясы тағы 7 адамнан анықталған. Жалпы өңірде 23 науқас тіркелген.

Реклама
Реклама

"Өкінішке қарай, бір адам қайтыс болды. Ол Жетісу ауданының тұрғыны, 1956 жылы туған, 4 сәуірде коронавирус инфекциясынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Ол пневмония, гипертония, қант диабетімен ауырған. Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілген.

"1 ай шамасында Алматы қаласы, Қарасай ауданында қонақта болған. 15 наурызда Алматыдан автобуспен үйіне келген. Алматы қаласынан келгенін жасырған. Жақын қарым-қатынаста болған 25 адам, ықтималды байланыста болған 40 адамдар тексірілді. Жағдай бақылауда", - деді Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы өкілі.

Бүгінгі таңда Жетісай ауданында 11 жағдай, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласында -2, Мақтаарал ауданында - 4, Ордабасы ауданында -1, Сайрам ауданында - 2 және Сарыағаш ауданында - 1 адам тіркелген.

Барлығы мұның алдында СОVID-19 расталған науқастармен байланыста болған.

Қазіргі уақытта олар оқшауланып, ем алып жатыр. 

Сондай-ақ, науқас адаммен байланыста болғандарды анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная