ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2020 | 17:36
Коронавирустан неге ерлер жиі көз жұматыны белгілі болды
Австралиялық генетик Дженнифер Грейвз (Jennifer Graves) әйелдерге қарағанда ер адамдардың неге коронавирустан жиі көз жұматынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Alert басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Австралиялық генетик Дженнифер Грейвз (Jennifer Graves) әйелдерге қарағанда ер адамдардың неге коронавирустан жиі көз жұматынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Alert басылымына сілтеме жасап.
Ғалымның айтуынша, қауіпті індеттен ер адамдың жиі қайтыс болуы ген, гормон, иммун жүйесі және мінез сынды факторларға байланысты.
Мысалы, Италия және Қытайда әйелдерге қарағанда ерлердің өлімі 2 есе көп тіркеліпті. Ал Нью-Йорк қаласында (АҚШ) СOVID-19 вирусынан көз жұмған науқастардың шамамен 61 пайызы ерлердің үлесінде. Алайда 30 жастан 90 жасқа дейінгі аралықтағы өлім көрсеткіші ерлер мен әйелдер арасында бірдей.
Сонымен қатар ерлердің коронавирустан жиі қайтыс болуының себебі созылмалы аурулар: жүрек ауруы, диабет, қатерлі ісікпен (рак) байланысты болуы ықтимал. Мұндай аурулармен ерлер жиі ауырады.
Дженнифер Грейвзтің пікірінше, ерлердің коронавирустан жиі көз жұмуының басты себебі Y-хромосомасымен байланысты болуы мүмкін. Бұл хромосома "қоқыс ДНҚ-сы" болып саналады. Ер адам қартайған кезде бұл ДНҚ организмге кері әсерін тигізуі ықтимал. Бірақ Y-хромосомасында SRY гені бар. Ол ерлердің гормоны тестостеронның қызметіне жауап береді. Яғни тестостерон мөлшерінің жоғары және эстрогеннің аз мөлшері ер адамды жүрек ауруына шалдықтырады.
Сондай-ақ әйелдердің иммун жүйесі жақсы дамыған. Бұл оларды аутоиммун ауруларына сезімтал еткенімен, бірақ вирустық ауруларға шалдығу қаупін төмендетеді.
Показать комментарии
Читайте также