ПОДЕЛИТЬСЯ
19 тамыз 2023 | 11:25
"Көршімнің қаза тапқанын естідім". Қала тұрғындары "Қазақстан" шахтасындағы апат туралы айтты
"Менің ұлым, күйеуім - кенші. Ұлым "Қазақстан" мекемесінде жұмыс істейді. Сол күні оған демалыс болды. Құдай баламды аман алып қалды", - дейді Шахтинск қаласының тұрғыны.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Менің ұлым, күйеуім - кенші. Ұлым "Қазақстан" мекемесінде жұмыс істейді. Сол күні оған демалыс болды. Құдай баламды аман алып қалды", - дейді Шахтинск қаласының тұрғыны.
Қарағандыдан 50 шақырым жердегі бұл шағын қала тұрғындарының туыстары немесе достары шахтада жұмыс істеген немесе жұмыс істейді. Мұнда төрт шахта бар.
Олардың бірінде – "Казахстанскаяда" 17 тамызда сағат 10:05-те конвейер лентасынан өрт шықты. Үш кенші қаза тапты. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр.
Tengrinews.kz тілшісі Шахтинскідегі қазіргі жағдайды білу үшін қалаға барды.
Бұл - Шахтинск қаласының 31-кварталы. Қаза болған жұмысшылардың бірі Ленинградская көшесінің бойындағы үйлердің бірінде тұрған.
Мұнда тыныш. Аулада балалар жүгіріп, велосипед теуіп жүр.
Мұнда кеншілерге арналған мурал салынған.
Бұл көшеде тұратын тұрғындар қаза тапқан ер адам туралы айтты.
"Қаза тапқан кеншілердің бірі біздің көршіміз екенін білдік... Бірнеше рет көріскенбіз, бірақ танымаймыз. Кешеден бері қан қысымым көтеріліп кетті", - дейді егде әйел.
"Мен оны танитынмын, ол электромонтер еді, тәжірибесі мол. Бірақ, шынымды айтсам, оның қаза болғанына сене алар емеспін", - дейді "Казахстанскаяда" қаза тапқан кеншінің көршісі.
Мүгедектігіне байланысты зейнетке шыққан бұрынғы кенші шахтада болған оқиғаға не себеп болуы мүмкін екенін айтты.
"Мен ІІ топ мүгедегімін, кезінде кенші болғанмын. Мен Ленин атындағы шахтада 30 жыл жұмыс істедім... Бұл - шахта басшылығының немқұрайлылығы. Өйткені адам қаза тапқан бұл апатқа шахта басшылығы кінәлі. Орталық (конвейер) лента толып қалған, оны уақытылы тазалау қажет", - деді сұхбаттасымыз.
"Қазақстан" шахтасы Шахтинск қаласынан 10 минуттай жерде орналасқан. Оның сол жағында жолдың арғы жағында бірнеше жүз метр жерде Ленин атындағы шахта бар. Олардың екеуі де "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының құрамына кіреді.
Қазір шахта жұмыс істеп тұрған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері, 1965 жылы туған Виталий Владимирович Слюньков (жерасты электршебері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл) қаза тапқаны хабарланған болатын.
Апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также