Көшеде күнелткен тыл еңбеккері бейімдеу орталығына орналастырылды

Фото otyrar.kz

Көшеде күнелткен тыл еңбеккері Шымкенттегі бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz. сілтеме жасап.

Жеңіс күні қарсаңында жергілікті қоғам өкілдері бейімдеу орталығында тұрып жатқан 82 жастағы тыл еңбеккері Борангүл Лебекованың қал жағдайын сұрастырып қайтқан еді. 

Кейуана бұл орталыққа бірнеше күн бойы көшеде түнелткеннен кейін келген. Зейнеткердің айтуынша,  оны үйден келіні қуып шыққан екен. "Қазір зейнеткердің жағдайы жақсы. Тыл еңбеккері өзі тамақ ішетін халге жетті. Бастапқыда оны өзіміз тамақтандыратынбыз", - деді орталық қызметкері. Оңалту курсы аяқталғаннан кейін Борангүл Лебекова қарттар үйіне ауыстырылатын болады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама