Қош бол, Мәжіліс пен Сенат. Депутат алдағы өзгерістерді түсіндірді

Қош бол, Мәжіліс пен Сенат. Депутат алдағы өзгерістерді түсіндірді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

145 депутат, бес жылдық өкілеттік мерзімі және бір палаталы жүйе - Қазақстанның жаңа Парламенті - Құрылтай осындай болуы мүмкін. 8 мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар тиісті Конституциялық заң жобасын қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

145 депутат, бес жылдық өкілеттік мерзімі және бір палаталы жүйе - Қазақстанның жаңа Парламенті - Құрылтай осындай болуы мүмкін. 8 мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар тиісті Конституциялық заң жобасын қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасы бойынша Мәжіліс депутаты Айдос Сарым баяндама жасады. Оның айтуынша, құжат жаңа Конституция нормаларын іске асыру үшін әзірленген және жаңа жоғары өкілді орган - Құрылтай құруды көздейді.

"Мемлекетіміздің тарихи мәнін ескере отырып, бүгін біз мемлекеттік билік жүйесіне "Парламент" сөзінің орнына "Құрылтай" ұғымын қайтарамыз. Дегенмен, қазіргі Құрылтай тарихи Құрылтайды бұрынғы қалпында қайта жаңғырту емес", - деді Сарым.

Жарнама
Жарнама

Жаңа Құрылтай қандай болмақ?

Депутаттың сөзінше, Құрылтай заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілді орган болады және Қазақстанның жария билігінің конституциялық жүйесіне енеді.

Заң жобасына сәйкес, Құрылтай бір палаталы болады және пропорционалды жүйе бойынша бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Сарымның айтуынша, мұндай модель көптеген Еуропа елінде байқалатын үрдістерге сәйкес келеді.

Айдос Сарым бір палаталы жүйеге көшу заң шығару процесінің ашықтығын және саяси жауапкершілікті арттыруға деген ұмтылыспен байланысты екенін мәлімдеді.

Ол тарихи тұрғыда жоғарғы палаталар өңірлердің өкілдігі үшін немесе терең әлеуметтік дағдарыстар кезеңінде қосымша сүзгі ретінде құрылғанын атап өтті.

Заң жобасында не қарастырылған?

Құжат Құрылтайдың үкіметпен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды, сондай-ақ депутаттардың мәртебесін, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді.

Сонымен қатар заң жобасы депутаттық бірлестіктерді, парламенттік көпшілік пен оппозицияны қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ депутаттық әдеп нормаларын реттейді.

Жеке нормада Құрылтай Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мирасқоры болатыны қарастырылған.

Заң күшіне енгеннен кейін Мәжіліске енгізілген заң жобалары жаңа Конституциялық заңға және Құрылтай регламентіне сәйкес Құрылтайда қаралатын болады.

Заң жобасы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ 1995 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңы мен 1997 жылғы 7 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" Заңы өз күшін жояды.

Еске сала кетейік, тамызда Құрылтай сайлауы өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама