ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2022 | 10:53
Қошанов қаңтар оқиғасына қатысты тергеуді бақылауда ұстауға уәде берді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар қаңтар оқиғасын тергеуді бақылауда ұстайтынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар қаңтар оқиғасын тергеуді бақылауда ұстайтынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мәжілісте қаңтар оқиғасын тергеудің алдын ала қорытындысын естідік. Әрине, бұл мәселені талқылауды жалғастырамыз. Бұл мәселені депутаттар өз бақылауында ұстайды. Алдағы жылдың басында біз бұл мәселені қайта қараймыз", - деп уәде берді Қошанов Мәжіліс отырысында.
Ол биылғы жылы депутаттар республика өңірлеріне белсенді түрде барғанын айтты.
"Биыл біз Мәжіліс жанындағы қоғамдық қабылдау мен қоғамдық палата жұмысын бастадық. Осының барлығы Мәжілістің ашықтығын көрсетеді", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также