ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2023 | 15:11
Қошанов Назарбаевтың Мәскеуге сапары туралы айтты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистердің бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне қазақстандықтар алаңдауы керек пе деген сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғамда "жаңа және ескі Қазақстан арасында кикілжің бар" деген пікір жүр. Бұған бұрынғы президент Назарбаевтың Астанада кездесу өткізіп, одан кейін Ресейге Путинмен кездесуге баруы себеп. Халықтың алаңдауына негіз бар ма?", - деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында Ерлан Қошановтан.
"Адамдардың алаңдауына еш негіз жоқ. Біріншіден, бүгінде қос билік жоқ және болуы да мүмкін емес. Бүгінде барлық шешімді халықтың басым көпшілігі сайлаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Ең алдымен, бұрынғы президент Мемлекеттік мәселелер мен мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, оның өткізген кездесулері немесе іс-шаралары, жасаған сапарлары – азамат ретінде жеке құқықтарын пайдаланып жүзеге асыратын жеке шаралары мен кездесулері", - деді Қошанов журналистердің сауалдарына жауап бере отырып.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также