Қошанов Парламентті таратуға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Қошанов Парламентті таратуға қатысты пікір білдірді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Парламентін тарату мәселесі әлі талқыланбағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Парламентін тарату мәселесі әлі талқыланбағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әзірге бұл мәселе талқыланған жоқ. Бірақ Президент саяси реформаларды жариялады деп айта аламын. Ал біз жыл аяғына дейін тиісті конституциялық және басқа да заңдарды қабылдауымыз керек", - деді Мәжіліс спикері.

Спикер егер Мемлекет басшысы тағайындаса, партия кезектен тыс сайлауға дайын ба деген сауалға да жауап берді.

Жарнама
Жарнама

"Кез келген партия саяси күреске дайын болуы керек. Ертең сайлау жарияланса, әрине, біздің партия дайын", - деді ол.

Айта кетейік, 26 сәуірде Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама