Қошанов: Президенттің ЖИ саласындағы идеялары ел дамуына жаңа серпін береді

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжілісте Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамыту мәселелеріне арналған Парламенттік тыңдалым өтті.

Мәжілісте Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамыту мәселелеріне арналған Парламенттік тыңдалым өтті.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту маңыздылығын бірнеше рет атап өткенін еске салды. Ол туралы Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 80-сессиясындағы баяндамасында да, сондай-ақ жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында да айтқан болатын. Жолдауда Президент үш жыл ішінде Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды.

"Бізге жасанды интеллектінің қазақстандық моделі қажет. Мемлекет басшысы алдымызға осындай міндет қойып отыр. Ол – азаматтарымыз үшін қауіпсіз, экономикаға тиімді, ұлттық мүдделерімізге сай болып, еліміздің прогрессивті дамуына серпін беруге тиіс. Бұл – жай ғана жарыс емес, ақыл-ой мен білімнің бәсекесі. Ол бәйгеде озық елдердің қатарында болуға біздің мүмкіндігіміз жеткілікті. Осы жолда бүгінгі тыңдалым жасанды интелектіні жаппай енгізу ісіне өзіндік үлес қосады деп сенемін", – деді Ерлан Қошанов.

Реклама
Реклама

Мәжіліс спикерінің айтуынша, бүгінде жаһандық деңгейде технологиялар жарысы жүріп жатыр. Осы орайда жасанды интеллектіні қолдану этикасы мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұл күні кеше Мәжілісте қабылданған заңда көрініс тапты.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану бойынша қолдайтындар да, оған қарсы шыққандар да болып, қоғамның екіге бөлінуі – тағы бір маңызды жайт. Осы тұрғыда Палата спикері жасанды интеллект мұғалімнің орнын алмастырмай, оның көмекшісі болуы маңызды екеніне тоқталды.

Е.Қошанов Жасанды интеллект туралы заңның қабылдануы – Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудағы алғашқы қадам ғана екеніне назар аударды. Алда барлық мемлекеттік орган мен жұртшылықты бірлескен ауқымды жұмыс күтіп тұр.

"Мемлекеттік органдар құқықтық актілер мен этикалық нормаларды әзірлеуге кіріседі. Бұл ретте тепе-теңдікті сақтау маңызды. Осы саланы шамадан тыс реттеп жібермей, оның дамуына қолайлы орта қалыптастыру қажет. Өз кезегінде, депутаттық корпус бұл мәселе бойынша үйлестіруші рөлін әрі қарай да атқаруға дайын", – деді Мәжіліс спикері.

Спикер цифрландыруда үлкен серпіліс жасауға уақыт аз екенін атап өтті.

"Әр минут қымбат. Мемлекет басшысы үш жылдық нақты мерзімді белгілеп берді. Сондықтан әр салаға арналған нақты жол карталарын әзірлеу аса маңызды. Бұл жұмысқа мемлекеттік органдармен бірге Мәжілістің салалық комитеттері де атсалысуға әзір", – деді Е.Қошанов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама